Cіздерді дарынды және талантты балаларды оқытатын қазақстандық және шетелдік мұғалімдердің бірегей қоғамдастығында жұмыс істеуге шақырамыз!
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы Ақтау, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Көкшетау, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Нұр-Сұлтан, Павлодар, Петропавл, Семей, Талдықорған, Тараз, Түркістан, Өскемен, Орал, Шымкент қалаларының 22 Зияткерлік мектептерінде бос лауазымдарға орналасуға және педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың кадрлық резервін қалыптастыруға конкурс жариялайды.
Сіздерді педагогикалық қызметкерлердің: мұғалімдер, психологтар, кураторлар, тәрбиешілер және қосымша білім беру педагогтері конкурстық іріктеуіне қатысуға шақырамыз.
Зияткерлік мектепте қызмет атқара отырып, Сіз:
Халықаралық Мектептер Кеңесі (CIS)аккредиттеген мектептерде ұлттық компоненті бар білім беру бағдарламалары бойынша үш тілде оқытуға ;
өндірістен қол үзбей Назарбаев университетінің магистратура бағдарламалары бойынша біліктілікті арттыруға және оқуға;
тәжірибелі мұғалім ретінде, оқушылар мен мұғалімдерге арналған бағдарламалар мен оқулықтар мен бағалау құралдарын әзірлеу жөніндегі маман ретінде, мұғалімдерді оқыту жөніндегі жаттықтырушы, мектеп басқарушысы ретінде мансаптық өсуге мүмкіндіктер аласыз.
Бәсекеге қабілетті жалақы мен тартымды әлеуметтік пакет кепілдендірілген.
Конкурсқа қатысу үшін үміткер:
Назарбаев Зияткерлік мектептері ДББҰ-ның ресми сайтына өтіңіз (www.nis.edu.kz);
Сайттың бастапқы бетіндегі «Бос орындар» бөліміне өтіңіз;
«Зияткерлік мектептер» бөлімін таңдаңыз;
«Педагогикалық қызметкерлер» бөлімін таңдаңыз;
Конкурс өтетін орынды/мектепті таңдаңыз;
«Конкурсқа қатысу»-ды басуы және қажет етілген ақпаратты енгізіңіз;
электрондық түйіндемені тіркеңіз «+файл»;
«Түйіндемені жіберу»-ді басу қажет.
Назарларыңызға: Қажет етілген ақпаратты толық түрде енгізу міндетті болып саналады.
Конкурстық іріктеудің (тестілеудің) бірінші кезеңі 2022 жыл, тамыздың 6 күні өтеді.
Назар аударыңыз: тіркелу 2022 жылдың 18 мамырында ашылады
Тіркелу уақыты: 9.00
Басталу уақыты: 10.00 Нұр-Сұлтан қ. уақытымен
Ұзақтығы: 2 сағат 10 минут.
Өткізу орны: 18 қаладағы Зияткерлік мектептер