Сәлем, саған жас өркен!

2019 жыл 8 қарашада Нұр-Сұлтан қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 7-сынып оушылары Жас зяткерлер қатарына қабылдау рәсімі өтті.  Қабылдау емтихандары, конкурстық іріктеу, бірінші оқу тоқсанындағы «жас сарбаз сыны» сияқты қиын кезеңдерді артта қалдырған 7-сынып оқушылары үшін бұл мерекенің орны ерекше, маңызы зор болды.

Мереке мектептің спорт залында «Біз өз командамызды құрамыз атты» алаңнан бастау алды. Онда әрбір сынып өзара бірлескен әрекет жасау арқылы ұжымның ұйымшылдығын танытатын  түрлі шығармашылық тапсырмалар орындады.

Бірінші тапсырма бойынша балаларға А4 форматындағы бір десте қағаз бен скотч қолдана отырып, 10 минутта биік қамал «соғу» тапсырылды. Уақыт аяқталысымен ұйымдастырушылар  «қамалдың» биіктігін өлшеп, жеңімпаз сыныпты анықтады. «Қамалдар» ұзақ тұра алмаса да жеткіншектер өз туындыларының жанында суретке түсіп үлгеріп жатты.  Екінші тапсырманы орындау үшін 7-сынып жеткіншектері  қарапайым заттарды стандартты емес жағдайларда қолдану жолдарын жазу керек болды. Оқушылар орындаған соңғы тапсырма –  жас  зияткерлерге арналған ережелер, заңдар топтамасын құрастыру болды.

Балалар шығармашылық тапсырмаларды орындап жатқанда мерекеге шақырылған ата-аналар 16 қарашада аталып өтетін бүкіләлемдік толеранттылық күніне арналған қағаз тырналар  жасады.  «Біз өз командамызды құрамыз атты»  атты алаңда ерекше шығармашылық көңіл-күй орнықты.

Көңілді және бақыты балалар мен олардың ата-аналары акт залына, қабылдау салтанатына шақырылды.   Мерекенің шарықтау шағында 7-сынып оқушыларының орындауындағы вальс және сынып ұжымдарының бағдарламасы көптің көңілінен шықты.  Мереке қонақтары жас әншілер мен күйшілерді, бишілер мен музыкант өнерпаздарды көріп, олардың талантына тәнті болды.

Мерекелік салтанатта 7-сынып оқушылар ант қабылдап, өз мектебін сүюге, Зияткерлік мектептің игі дәстүрлерін арттыруға, жақсы оқуға, достық пен сыйластықты ардақтауға уәде етті.

Осылайша, 7-сынып  оқушылары бірлігі жарасқан үлкен ұжының мүшеігіне қабылданды. Жас зияткер атанған оқушыларды құттықтай отырып, оқуда озат болуды тілейміз! Жаңалықтар мен елеулі оқиғаларға, ұмытылмас сәттерге толы Зияткерлік мектепке қош келдіңдер, достар!