13 маусымда Астана қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 2023 жылғы түлектерге орта мектепті бітіргендері туралы аттестаттарды табыс ету салтанаты өтті. Осы жылы Зияткерлік мектепті 149 түлек бітірді, олардың 6-ы – «Алтын белгі» иегері болса, 15 мектеп бітіруші ерекше үлгідегі аттестат алды.
Бүгін мектептің 13-ші түлектері үшін естен кетпес күн, өйткені оларға келешекке көптеген жаңа мүмкіндіктер мен перспективалар ашатын елеулі құжат – орта білім туралы аттестат табыс етілді.
Аттестаттарды табыс ету салтанатын мектеп директоры Әсел Бейсембинова ашты. Әсел Сайдуғалиқызы мектеп бітіруші түлектерді шын жүректен құттықтап, оларға жарқын болашақ, алға қойған мақсаттарына жетуге ұдайы талпынатын талап тіледі.
Мектеп бітіруші жастарды НЗМ Түлектер Одағының төрайымы Жанел Сәбденова құттықтады. Жанель өзі 2019 жылы бітірген туған мектебінің жаңа түлектерін ыстық ықыласпен құттықтады. Жанель жастарға Зияткерлік мектеп түлегі төлқұжатын және болашаққа символикалық «билет» табыс етті.
Түлектердің ата-аналары да балаларына ерекше музыкалық құттықтау дайындады. Жарқын музыкалық сәлем балаларына әр қадам сайын қолдау көрсететінін дәлелдейтін ата-аналардың сүйіспеншілігі мен мақтанышының әсерлі көрінісі болды.
Бүгінгі күн түлектердің жүрегінде мәңгі сақталады, оларды мүмкіндіктер мен сынақтарға толы үлкен өмірдің жаңа кезеңі күтіп тұр.
Мектеп барлық түлектерді осы маңызды жетістікпен құттықтайды және оларға жарқын және табысты болашақ тілейді!