«Samgau»

Құрметті Зияткерлік мектеп түлегі!

 2022 жылдың 23 желтоқсанында Астана қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Samgau» атты  түлектердің форумы өтеді. Басталуы 9:30-да.
Форум – мектеп бітірген түлектерге қымбатты мектебіне оралып, достары және ұстаздарымен қайта кездесуге, мектеп естеліктерінің жылы достық атмосферасына шомуға тамаша мүмкіндік туғызады. Форум арқылы Зияткерлік мектепті бітірген  түле өзінің мамандық пен университетті таңдаудағы тәжірибесімен бөлісіп, НЗМ оқушыларының кәсіби дамуына үлес қоса алады.
Форумның бағдарламасы келесі сұрақтарды қамтиды:
• Университетке түсу үшін өтінішті қалай толтыру керек (өтінім қабылдау процесі);
• Халықаралық емтихандар тапсыру (SAT, IELTS);
• Гранттар мен шәкіртақыларды алу мүмкіндіктері;
• Мотивациялық және ұсыныс хаттарын жазу;
• Академиялық транскрипттер және т.б құжаттарды даярлау.
Осы жылы ұйымдастырушылар дәстүрлі форум форматынан тыс шығып, түлектердің сессияларымен қатар, оқушылардың да сессияларын бағдарламаға қосуды жоспарлап отыр. Оқушылар өздерінің маңызды жобаларын ұсынып, өздерінің сүйікті әрі пайдалы хоббилері туралы айтады, стартапты қолдап, жас таланттарға тағылымдамадан өтуді ұсынатын демеушілерді іздейді.

 Түлектер атынан спикер ретінде немесе қонақ ретінде тіркелу үшін мына сілтеме бойынша тіркелу керек:  https://forms.gle/gzcqCYXtBpyYmX3KA
 Құрметті түлектер, өз мектебіңіздің оқушыларын қолдап, форумды өткізуге  атсалысыңыздар! Мүмкін сіздің кеңесіңіз оқушылар үшін мамандық таңдау жолындағы шешуші фактор болатын шығар!

“Samgau” форумында кездескенше!

Барлық сұрақтар бойынша: ayat_a0409@ast.nis.edu.kz