САНЖАР БИСЕНӘЛІ – МЕНДЕЛЕЕВ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕ ИЕГЕРІ

Елордадағы физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектеп ұжымы Санжар Бисенәліні химия пәнінен кезекті табысы – Менделеев олимпиадасындағы күміс жүлдесімен құттықтады. Санжар Менделеев олимпиадасына екінші рет қатысып отыр. Өткен жылы ол халықаралық олимпиаданың қола жүлдесін иеленген болатын.

Дәстүр бойынша беделді Менделеев олимпиадасында жас химиктер арасында ең мықты, ұлттық турнирлердің жеңімпаздары бақ сынасты. Бұл ЮНЕСКО тарапынан химия пәні бойынша оқушылардың халықаралық олимпиадасына теңестірілетін жалғыз пәндік олимпиада. Менделеев байқауында бағдарламалар мен тапсырмалардың дайындық жиынтығы жоқ, сәйкесінше қатысушылар химияның әртүрлі салаларына назар аударуы керек. Әдістемелік комиссияның құрамында және қазылар алқасында танымал тұлғалармен қатар, әр жылдары Менделеев олимпиадасында жеңіске жеткен студенттер мен аспиранттар міндетті түрде жұмыс істейді. Бұл дәстүрді сақтауға және олимпиадалар сабақтастығын қамтамасыз етуге көмектеседі.

Олимпиада 2022 жылдың 10-15 мамыры аралығында Ташкент қаласында өтті.