NIS ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАРЫНЫҢ ЖЕЛІЛІК БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ

26 қазанда Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары арасында  ғылыми жобалардың желілік байқауы басталды.⠀

⠀ «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымымен алғаш рет қашықтан  (Microsoft Teams платформасында) ұйымдастырылған ғылыми жобалардың республикалық байқауы 26 мен 30 қазан аралығында  өткізілмекші.⠀

⠀Биыл барлық Зияткерлік мектептерден 270 оқушы төрт бағыт бойынша 200 жоба ұсынатын болады:⠀

 «Ғылыми-техникалық прогресс экономикалық өсудің негізгі буыны ретінде», «Экономикалық және әлеуметтік процесстерді математикалық модельдеу», «Таза табиғи орта – «Казақстан – 2050» стратегиясын жүзеге асырудың негізі», «Қазақстанның тарихи ескерткіштері мен перспективалық туристік бағдарлар».

Нұр-Сұлтан қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің намысын қорғайтын команда құрамында:

  1. Ясмин Серикбаева, 9- сынып, «Промышленная мехатроника – “Масочный детектор» жобасы, «Техника» секциясы;
  2. Нур Эль Дин Бигарин, 9- сынып , «Қымызды дайындаудың инновациялық тәсілі» , «Техника» секциясы;
  3. Аделия Мусаева, Наргиз Ахметова, 10- сынып, «Энергосберегающие процессы и проблемы: энергоэффективный умный дом» жобасы, «Техника» секциясы;
  4. Амир Ахметов, 12- сынып, «Замечательное в экстремальных точках функций объёмов вписанных стереофигур», «Математика» секциясы;
  5. Ерасыл Тауекел, Алдияр Пазилов, 10- сынып, “NewVision” жобасы, «Информатика» секциясы;
  6. Аяулы Калел, Назерке Кабзаки, 11- сынып, «Саңырауқұлақтан хитозонды алу және биополимер алу үшін қолдану» жобасы, «Химия» секциясы;
  7. Жантөре Тәжібай, 12- сынып, «Елорданы Алматыдан Ақмолаға көшірудің маңызы қандай болды?», «Өлкетану» секциясы;
  8. Кербез Карипбек, 11- сынып, «Руководство по подготовке к внешнему экзамену в 10 классах по английскому языку», «Тілтану» секциясы;
  9. Ергельдинова Айша, 11-сынып, «Алжир тұтқыны болған балалардың кейінгі өмірі», «Тарих» секциясы;
  10. Даяна Жұмабаева, 10-сынып, «Шетелдегі қазақ диаспораларының тарихи Отанымен байланысы», «Этнокультурология» секциясы.

          ⠀

Ғылыми жобалардың желілік байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлері келесі республикалық кезеңге жолдама алатын болады. Байқау жеңімпаздарын марапаттау салтанаты 30 қазанда өтеді.⠀