SPELLING BEE – ЕРЕКШЕ ЕМЛЕ БАЙҚАУЫ

15  мамырда елордалық Зияткерлік мектебінде EF Education Kazakhstan ұйымымен бірлесіп ұйымдастырылған Spelling Bee байқауы өтті. Байқауға Астанадағы физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектебі мен CIS International мектебінің жас лингвистері қатысты.

Сайыстың басты мақсаты – оқушылардың сауаттылығын арттыру, орфографиялық дағдыларын дамыту, оқуға баулу, сөздік қорын молайту.

Ағылшын тіліндегі емле байқауы Spelling Bee қатысушыларға қиындығы әртүрлі сөздерді ұсынған бірнеше қызықты кезеңдерден тұрды. Барлық қатысушылар әр сөзді дыбыстап дұрыс айтып, білімдерін көрсетуге ұмтылды, жоғары дайындық пен жинақылық танытты.

Қарқынды орфографиялық турлардың соңында жеңімпаздар анықталды. Бірінші орын CIS мектебінің оқушысы Қайсар Мәнкенге бұйырды, ол ерекше орфографиялық және тілдік дағдыларды көрсетіп, айтылу кезіндегі қиындықтарды жеңіп, ұсынылған сөздерді сенімді түрде жіктеп берді.

Екінші орынды CIS мектебінің оқушылары Елхан Жаппас пен Даяна Хайрулина бөлісті.

Үшінші орынды Елдана Ешмұханбетова, Адина Бекбасова және Әділжан Жәленов бөлісті. Үшінші орында көрінген Зияткерлік мектеп оқушылары қарсыластарына білімдері мен сауаттылықтарын көрсете білді.  

Spelling Bee байқауы әртүрлі оқу орындарының оқушылары арасындағы мәдени алмасу мен достықты нығайтудың тамаша мүмкіндігі болды.