Нұр-Сұлтан қаласы физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектебінің спортзалында «Ең спорттық отбасы» сайысы өтті. Салауатты өмір салтын насихаттайтын спорттық мереке отбасылық құндылықтарды дәріптеу, мектеп ұжымын жұмылдыру және ата-аналарды белсенді мектеп өміріне тарту мақсатында жыл сайын өткізіледі.
«Ең спорттық отбасы-2021» сайысында 11 команда жеңіс үшін күресті. Әр команда құрамы 2 отбасынан – 6 адамнан тұрды.
Жарыс бағдарламасы қатысушылардан шапшаңдықты, ептілік пен төзімділікті талап ететін аралас эстафеталардан тұрды. Командалар кедергілерден жүгіру эстафетасында жылдамдыққа жарысса, әкелер «Күшті әке» сайысында 16 келі салмақ көтеріп, күштерін сынға салды. Ойын барысында қарсыластарының жетістіктеріне қуана білген командалар бір-біріне қызу қолдау көрсетіп, жеңіске ынталандырып отырды.
Байқау қорытындысы бойынша бірінші орынды 7 «С» және «Н» сыныптарынан Бейсембаевтар мен Калиевтер, 8 «Е» сыныбынан Құнанбаевтар отбасы иеленді.
Екінші орын – 7 Ғсыныбынан Асқаровтар отбасы, 8 С сыныбынан Оспановтар отбасы 2 орын алды.
7 «D» және «Ғ» сыныбынан Макашевтар пен Нұрхат отбасы, 8 «А» сыныбынан Сүндетовтер отбасы 3 орынға ие болды.
7 «В» мен «Е» тобынан Семейхановтар мен Есімхановтар отбасы «Ең спортшыл отбасы» деп танылды.
Барлық жеңімпаз командалар мақтау қағаздарымен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Спорттық мерекеге қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Ең бастысы, жанұя мүшелері күнді пайдалы өткізіп, денсаулықты нығайтуға мүмкіндік алды.