БҮГІН ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ

2022 жылдың 28 қыркүйегінде Астана қаласындағы физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектебінде жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауының мектепішілік кезеңі басталды.

Биылғы жылы мектепішілік кезеңге жаратылыстану-математикалық цикл пәндері бойынша 40-тан аса  және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 30-ға жуық жоба ұсынылды.

 Байқау 28-30 қыркүйек аралығында өтеді.

Бұл күндері құрамында пән мұғалімдерінің әдістемелік бірлестіктерінің өкілдері, үйлестірушілер кіретін қазылар алқасының назарына 100-ден аса мектеп оқушысы өз идеялары мен ғылыми ізденіс нәтижелерін ұсынады.

Байқауға қатысушылар үшін  жоба  өзектілігін, тақырыпқа сәйкестігін, практикалық жарамдылығын және ғылыми негізділігін қазылар алқасының алдында дәлелдеу маңызды болды.

Ғылыми жарыстың қорытындысы бойынша жеңімпаз танылған жобалар конкурстың желілік кезеңіне қатысу мүмкіндігіне ие болады.