Жақында Астана қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің педагог-кураторлары Макинск қаласынның мектеп-лицейінде ұйымдастырылған семинар-практикумға қатысты.
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының «Ауылдағы тірек мектептерінің әлеуетін дамыту» жобасы аясында өткен семинарға Ақмола облысы Бұланды ауданындағы 29 мектептен келген директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілері мен тәрбиешілері, 150-ден астам педагог қатысты.
«Назарбаев Зияткерлік мектебінде оқу-тәрбие жұмысын жобалық іс-шаралар арқылы жүзеге асыру тәжірибесі» тақырыбына арналған педагогикалық басқосуда Зияткерлік мектептің ұйымдастырушы-кураторлары тәжірибесімен бөлісті.
Зияткерлік мектеп әдіскері С.Бисимованың айтуынша, семинарға қатысушылар тәрбие жұмысының бағдарламасымен, негізгі бағыттарымен, өткізілетін іс-шаралар форматымен танысып, көптеген практикалық ұсыныстар мен кеңестер алды.
Зияткерлік мектеп жобалары: «Шаңырақ» қауымдастығы (куратор Б.Қ. Қалықбай), «Ұлы дала ақындары» (А.К. Каримова), «Туған елге тағзым» өлкетану-зерттеу экспедициясы» жобасы
(А.С. Құрманғалиева), «Даналық бейсенбі», «Ата-аналар университеті» жобасы (Ж.Ж.Адыханова), «Ұрпақтар сабақтастығы» жобасы (З.Р.Эшчанова, А.Ш.Айбусынова), «Зияткерлік мектеп оқушыларына оқуға ұсынылатын 100 кітап» (А.Қ. Молдажанова) жоба ерекшеліктерімен таныстырды.
Семинар-практикум жұмысын қорытындылаған ПШО менеджері Ш.Е. Қалиханова ұстаздар назарын қазіргі жағдайда мұғалімнің алдында тұрған күрделі міндеттерге, тәрбие саласындағы өзекті проблемаларға, кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру және дамыту қажеттілігіне аударды.
Семинар-практикум рефлексиямен аяқталды, қатысушылар қызықты әрі пайдалы басқосу үшін ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.