Тәжірибе тарату – мұғалім жетістігіне бастар жол

2018 жылдың 4 желтоқсанында Астана қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде бас қаланың жетекші мектептерінің тіл мамандарына арналған әдістемелік күн өтті.

Әдістемелік күнге  жалпы білім беретін елорда мектептерінен 60-тан астам мұғалім келді. «Педагогикалық шеберлік орталығы» мекемесінің әдіскері  Ш. Калиханова мен Зияткерлік мектеп директорының бейіндік оқыту жөніндегі орынбасары Т.С.Варламова қатысушыларды жұмыс жоспары мен әдістемелік күннің мақсат-міндеттерімен таныстырды.

Зияткерлік мектептің отыздан астам тіл маманы әріптестерімен оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілетін қалыптастыратын сабақты жоспарлау жолдарымен, білімді бағалау түрлерімен, оқытудың белсенді әдістері бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті. Әдістемелік күн аясында  қазақ тілі пәнінен – 10 мұғалім,  орыс тілі пәнінен – 8 мұғалім, ағылшын тілі пәнінен – 13 мұғалім  ашық сабақ өткізіп, Зияткерлік мектеп мұғалімдерінің 30 сабағы талданды.

Әдістемелік күннің екінші бөлімінде  мұғалімдер  дөңгелек үстел басында  қалыптастырушы бағалау, кері байланыс беру, топтық жұмыстарды  ұйымдастыру әдістемелерін талдау жасады. Қонақтар Зияткерлік мектеп мұғалімдерінің сабақтарына жоғары баға бере отырып, оқушылардың белсенділігін, оқуға деген ынтасының жоғары екендігімен қатар, ұстаздардың шығармашылық ізденістерін атап өтті.

Тәжірибе тарату – мұғалім жетістігіне бастайтын басты жол десек, әдістемелік күндер арқылы тәжірибе алмасу Зияткерлік мектептің қарқынды дамуына ықпал ететін қозғаушы күш болып табылады

.