2023 жылдың 17-22 тамызында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің педагог қызметкерлерінің тамыз конференциясы өтуде. Елордалық физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектептің педагогтары іс-шараға белсенді қатысып, түрлі секциялардағы жұмысты бақылап, спикерлердің сөздерін мұқият тыңдайды.
Онлайн трансляция және онлайн кездесу режимдерінде өтетін дәстүрлі конференция Назарбаев Зияткерлік мектептерінің барлық педагогикалық ұжымын MS Teams корпоративтік алаңында біріктірді.
Екі күн ішінде NIS педагогтері қашықтан тақырыптық және практикалық алаңдарға қатысады. Секциялар кезінде негізгі құзыреттіліктерді қалыптастыру, мектепте тәрбие процесін ұйымдастыру, NIS оқушыларын қолдау үшін цифрлық психологиялық сервистерді интеграциялау, кәсіптік бағдар беру мен жетілдіру мәселелері талқыланады.
Айта кетейік, биыл Назарбаев Зияткерлік мектептерінде оқушыларды тамақпен қамту жұмыстарын ұйымдастыру, Beyim және Canvas платформаларын іске қосу жоспарланған. Бұл оқушылардың үлгеріміне, ұстаздардың кәсіби дамуына септігін тигізетін цифрлық жүйелер.
Сонымен бірге биыл NIS білім беру бағдарламасына да бірқатар өзгерістер енгізіледі. Кейбір пәндер бойынша артық жүктеме сағаттары қысқартылады.
Биылғы жылы конференция “Кәсіби оқыту қауымдастығын дамыту: сапа және тиімділік” тақырыбына арналған.Маңызды басқосудың басты міндеті – жыл қорытындыларын талдау, өзекті міндеттерді түсіну, жаңа 2023-2024 оқу жылына арналған жоспарлар мен перспективаларды анықтау.
Конференция жұмысы 21-22 тамызда Түркістан қаласында офлайн форматта жалғасады.