«TASTY BOOKS» – «ТӘТТІ КІТАПТАР» ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ
Дүниежүзілік кітап күні қарсаңында, 20 сәуірде, Астана қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі кітапханасында «Tasty Books» – «Тәтті кітаптар» фестивалі өтті. Фестиваль мақсаты: «Назарбаев Зияткерлік оқушыларына оқуға ұсынылған 100 кітап» жобасын насихаттау, оқушыларды балалар әдебиетінің озық үлгілерімен таныстыру, ой-өрісі кең, көп оқитын оқушыларды ынталандыру.
Фестивальда үздік «кітап пісіруші» атағына 8-сынып оқушылары мен олардың ата-аналары сайысқа түсті. Барлық қатысушы командалар «100 кітап» тізімінен бір шығарманы таңдап алып, онымен жан-жақты танысты. Фестиваль кезінде командалар кеңес беруші ата-аналар көмегімен кітап-торттар дайындады. Команда мүшелері кітап мұқабасын безендіруде шығарманың негізгі ойына, кейіпкерлеріне қатысты маңызды жәйттарды қамтуға тырысты.
Торттарды безендіруді аяқтаған командалар өздері таңдаған кітап мазмұны, авторы туралы қатысушыларға баяндап, шығарма желісі бойынша қысқаша сахналық көріністер көрсетті. Қатысушылар дайындаған қойылымындар арқылы көрермендер Антуан де Сент-Экзюперидің «Кішкентай ханзада» ертегісінің желісімен, «Нарния шежіресі» мазмұнымен танысып, Луиза Мэй Алкотттың «Кішкентай әйелдер» романы мен Джордж Оруэллдің «1984» романының театрландырылған көрінісін тамашалады.
Фестивальдің қазылар алқасы оқушылардың жұмыстарын бағалап, ең әдемі мұқаба мен тәтті кітапты анықтады. Командалар «Ең үздік балалар кітабы», «Үздік көркем кітап», «Барлық уақыттағы кітап», «Кітап – бестселлер», «Ең дәмді кітап», «Ең дәмді классика» номинациялары бойынша марапатталды.