ТЕЛЕВИЗИЯЛЫҚ ТОК – ШОУДА – МЕКТЕПТІҢ ЖАС ӨНЕРТАПҚЫШТАРЫ

Астана қаласы физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектебінің оқушылары Камалжан Кәрім, Негманов Алан, Қадір Сабыржан және Өзбехан Жалғас – Samsung  Electronics ұйымдастырған “SOLVE FOR TOMORROW” стартаперлер байқауының жеңімпаздары.

Жақында олар “Ел арна” республикалық телеарнасында жастар сөйлейтін, идеясын айтатын “Жаңа қадам”ток-шоуына қатысты. Эфир барысында өнер тауып, өрге шапқан оқушылар өз жобалары туралы ақпаратпен бөлісіп, ең қиын және қол жетпейтін жерлерде өртпен күресе алатын роботтың бірегей мүмкіндіктері туралы айтып берді.

“SOLVE FOR TOMORROW” аясында мектептің жас өнертапқыштары ұсынған AIDAHAR өрт сөндіруші робот байқауда үздік деп танылған болатын. Жоба бірінші орынды жеңіп алып, 4 миллион теңге көлемінде жүлдеге ие болды.

Мектеп өнертапқыштарының командасы көрермендердің назарын аударып қана қоймай, кәсіби өрт сөндірушілерді өздерінің ақылды шешімдері мен өнертабыстарымен қызықтырды.

https://youtu.be/R6iDkElhts8?si=ddOIVCzGXpTYwYmt