Темірлан – әркезде де жеңімпаз!

2017 жылдың 10-15 желтоқсан аралығында Әзірбайжанның астанасы Баку қаласында «Дарындарды дайындау зертханасы» атты халықаралық  олимпиада өтті.

 

Нур-Султан қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 9-сынып оқушысы Исмагулов Темірлан «Дарындарды дайындау зертханасы» атты халықаралық  олимпиаданың күміс медалін жеңіп алды.

«Дарындарды дайындау зертханасы» олимпиадасы — бұл ТМД шеңберіндегі ынтымақтастық аясында жыл сайын өткізілетін білім сайысы.  Осы жылғы олимпиадаға Әзірбайжан, Беларусия, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Ресей, Түркменістан, Эстония,  Грузия сияқты мемлекеттерден келген командалар қатысып, 76 оқушы бақ сынасты.

Заманауи ғылым бірнеше ғылымның тоғысуынан туындаған  физикалық химия, биофизика, экология, гендік инженерия сияқты ғылымдар болғандықтан олимпиадаға қатысушыларға математика, физика және химия пәндерінен берілген тапсырмаларды орындау тапсырылды.

Қазақстан командасының құрамында Исмагулов Темірланның үздік нәтиже көрсетуі үздіксіз жүргізілген дайындық жұмыстарының нәтижесі.

Жаратылыстану ғылымдарымен қызыға әуестенетін  Темірланның айтуынша пән олимпиадасына қатысу – тек мектепте алған білімді тексеру ғана емес, ол үздіксіз іздену, өзін-өзі дамыту жолы.

Алда Темірланды физика пәнінен 2018 жылы өтетін халықаралық олимпиадаға қатысушыларды іріктеу туры күтіп тұр.

Достары мен мектебі Темірланның еліміздің намысын абыроймен қорғап, жеңіске жететініне кәміл сенеді.