Tour de NIS Nur-Sultan «Астана – вело-қала» эковелофестивалі

Астана қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімдері мен оқушылары, ата-аналар  қазанның алғашқы жексенбісінде желтең әрі суық ауа-райына қарамастан мектептің спорт алаңында Вело-фестивалге  жиналды. Қала тұрғындары мен жастар назарын эко-көлікке аудару, эко-көліктерді қолдану аясын кеңейту мақсатында Вело-фестиваль  Зияткерлік мектепте  бірінші рет ұйымдастырылды.

Вело-фестиваль Біріккен Ұлттар Ұйымы Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) «Алматы қ. тұрақты көліктері» жобасы негізінде «Ақбота» Қоғамдық Қорының «Cенің қауіпсіз велосипедің қалаңның экологиясы мен сенің денсаулығың үшін!» гранттық жобасы  аясында  өтті.

Велошерудің ашылу салтанатында барлық қатысушыларды «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ басқарма төрайымының орынбасарлары Нәзипа Аюбаева мен Светлана Испусинова, ББҰ Дамыту Бағдарламалары жобасының – «Алматы қаласының тұрақты транспорты» Жаһандық экологиялық қорының өкілі Расул Рахимов, Қоғамдық маңызды бастамаларды дамыту қорының төрағасы Айдар Махамбет, «Ақбота» қоғамдық қорының жетекшісі Ирина Немцан құттықтады. Сондай-ақ эковелофестиваль символы ретінде шарлардан жасалған «Жасыл велосипедтің» ұшырылуы велошабандоздарға дем беріп, жанкүйерлердің  көңілін көтеріп тастады.

Жоспарланғандай жас велосипедшілер мектеп ауласын айнала белгіленген 3 шақырымнан астам қашықтықты құрайтын жарыс жолында өзара сайысқа түсті.

Эко-вело- Фестиваль барысында ұйымдастырушылар  жанкүйерлер үшін де түрлі қызықты сайыстар өткізді:  ата-аналар мен балалар «Скандинав жүрісі» бойынша жарысып, «Жасыл старт» эстафетасы мен «Батырлар аймағында» күш сынасты.  Сондай-ақ Эковелофестиваль  аясында  экотуризм бойынша  ойындар  ұйымдастырылды. «Ақбота» Қоғамдық Қоры фестивальге қатысушы барлық мұғалімдерді кәсіби мерекесімен құттықтап, оларға  арнайы сыйлықтар табыс етті.