«ТУҒАН ЕЛГЕ ТАҒЗЫМ-2021» ӨЛКЕТАНУ ЭКСПЕДИЦИЯСЫНЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ ЖАРИЯЛАНДЫ

2021 жылы 7 қазанда Microsoft Teams платформасында «Туған елге тағзым» өлкетану ғылыми-зерттеу экспедициясының жабылу салтанаты өтіп, үздік зерттеу жобалары анықталды.

Екінші рет қашықтан ұйымдастырылған экспедиция қатысушылардың рекордтық санын (шамамен 1000 оқушы) жинап, 700-ге жуық зерттеу жобаларымен таныстырды.

Елордалық физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектептің оқушылары  зерттеу жобаларын қорғау байқауының жеңімпаздары қатарынан табылды:

Иран Касымов, 1 орын

  «Брайль дисплейінің жетілдірілген нұсқасы» жобасы

 «Әлеуметтік кәсіпкерлік және жаңа идеялардың күші» секциясы.

Смәділ Нұрдана, 3 орын

«Использование водорослей в ресурсосберегающей технологии» жобасы. «Жасыл планета» секциясы.

Номинация «Қолөнер шебері». Байназар Аружан, Ермағамбет Дариға. «Өмір ағашы» жобасы. 

Номинация «Жас ғалым». Утаров Азамат,  «Рукотворный самолет с баннером» жобасы.

«Туған елге тағзым – 2021» экспедициясының жеңімпаздары мен қатысушыларын «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының Басқарма Төрайымы Күләш Шәмшидинова құттықтады:

– Экспедицияға ұсынылған жобалардың тақырыбы жыл сайын кеңейіп, деңгейі артып келеді. «Туған елге тағзым» жобасы академиялық білімді арттыруға және зерттеу жетістіктерін дәлелдеуде теңдессіз платформаға айналды. Экспедицияда ұсынылған жұмыстардың барлығы жалғасын табуға лайық, ал жеңімпаздар мен жүлдегерлердің жобалары патенттер мен авторлық құқықтарға ие бола алады деп сеніммен айта аламын.