UVF -ПЕН ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАСАУҒА АСЫҒЫҢЫЗ

8 қазанда Нұр-Сұлтан қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде қайырымдылық жәрмеңкесі өтті.

Жәрмеңкені Úmit еріктілер қоры (UVF) және мектептің студенттер кеңесінің еріктілері ұйымдастырды.

Оқушылар жәрмеңке алаңындағы «кафелерде» қызу сұранысқа ие болған тіл үйірер тәттілерді сатты.

 Мектептің вокалды-аспаптық ансамблінің орындауындағы әсем әуен жәрмеңкеге қатысушыларды мерекелік және шығармашылық көңіл-күйге бөледі.Жәрмеңке оқушыларды, ата -аналарды, мектеп қызметкерлерін ортақ іске жұмылдырды, олар көмек пен қолдауды күткен мұқтаж жандарға қол ұшын созуға асықты.

Жәрмеңке барысында 240 мыңнан астам теңге жиналды!

Студенттік кеңестің шешімінен түскен қаражат Úmit еріктілер қорының әлеуметтік жобаларын іске асыруға бағытталады.