Мектеп түлектері – PolyU-дың үздік студенттері қатарында

Астана қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 2018 жылғы түлектері Анель Ахметова, Назерке Құрманғали, Арманжан Мұратбаев, Әсем Оспан мен Толғанай Сыздықова Гонконг политехникалық университетінің үздік бірінші курс студенттері қатарына кіріп, оқу орнының халықаралық студенттерге арналған арнайы шәкіртақысына ие болды.

Шәкіртақы сертификаттарын салтанатты түрде табыстау, PolyU президенті, профессор Тимоти Тонг және вице-президенті, профессор Джеффри Шенның  қатысуымен өтті.

– «Сіздердің оқушыларыңыздың мақтанышы мен бақытын бөлісетініңізге сенемін. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, сіздің мектебіңіздің оқушыларыңыздың тәрбиесіне қосқан үлестеріңіз үшін алғысымды білдіргім келеді. Тағы да біздің университетті жылдар бойы қолдап келе жатқандарыңыз үшін алғысымызды білдіремін. Біз тұрақты және тығыз байланысымызды нығайтуға дайынбыз», – деп атап өтті Зияткерлік мектептердің директоры М.Жәкеновке хат жолдаған PolyU директорының орынбасары Эрик Ло.