9 қазанда Нұр-Сұлтан қаласы физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектепте жалпы білім беретін пəндер бойынша оқушылардың ғылыми жоба жарыстарының II кезеңі аяқталды. Оқушыларды ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық жұмыстарға ынталандыратын жарыс биыл онлайн режимде ұйымдастырылды.
4 бағыт бойынша өткен оқушылардың білім сайысына 113 зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жоба ұсынылды. Жарысқа қатысушылар қазылар алқасының алдында өз идеялары мен өнертабыстарын экология, медицина, ақпараттық технологиялар, агроөнеркәсіп, құрылыс, мәдениет салалары бойынша қорғады.
Жарыстың қазылар алқасы әлеуметтік-экономикалық проблемаларды шешуге бағытталған жобаларға әр бағыт бойынша баға беріп, жарыстың үшінші, желілік кезеңіне қатысатын озық 12 жобаны таңдады.
Жаңашылдығымен ерекшеленген жұмыстар 1-6 қараша аралығында өтетін желілік кезеңге жолдама алды.
Бағыттар бойынша жеңімпаз танылған оқушылар:
№1 бағыт: «Ғылыми-техникалық прогресс – экономикалық өсудің негізгі буыны»
- Алпыс Нурлыжан, 12-сынып
- Касымов Иран, 12-сынып
- Успанов Даниял, 12-сынып
№2 бағыт: «Экономикалық және әлеуметтік процестерді математикалық модельдеу»
- Меңліқұл Нұрмұхамет, 9-сынып
- Жораев Алмас, 10-сынып
- Ахметова Наргиз, 11-сынып
- Пазилов Алдияр,11-сынып
- Муханов Даулет,11-сынып
№3 бағыт: «Таза табиғи орта – Қазақстан – 2050 стратегиясын іске асырудың негізі»
- Арынурұлы Нұртөре, 10-сынып
- Нуртазина Карина, 11-сынып
- Жора Аяжан, 11-сынып
- Смәділ Нұрдана, 11-сынып
№4 бағыт: «Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат бағдарлары»
- Кабдоллаев Даниял, 9-сынып
- Айтжанова Еңлік, 10-сынып
- Алишева Салтанат, 10-сынып.
Жарыс жеңімпаздарын құттықтап, желілік кезеңде сәттілік тілейміз!