Назарбаев Зияткерлік мектептері оқушыларының арасында өткен республикалық ғылыми жобалар сайысының желілік кезеңінің нәтижелері белгілі болды. Microsoft Teams платформасы арқылы ұйымдастырылған байқау қорытындысы бойынша Нұр-Сұлтан қаласы физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектептің 10-сынып оқушыларыТәуекел Ерасыл мен Алдияр Пазиловтың «NewVision» атты жобасы («Информатика» секциясы) I орын алып, байқаудың бірінші дәрежелі дипломымен марапатталды.
Сондай-ақ байқау жүлдегерлері ретінде танылған бес оқушы үшінші дәрежелі дипломдарға ие болды:
Кербез Карипбек – 11-сынып, «Руководство по подготовке к внешнему экзамену в 10 классах по английскому языку», «Тілтану» секциясы
Даяна Жұмабаева – 10-сынып, «Шетелдегі қазақ диаспораларының тарихи Отанымен байланысы», «Этномәдениет» секциясы
Айша Ергельдинова – 11-сынып, «Алжир тұтқыны болған балалардың кейінгі өмірі», «Тарих» секциясы
Ясмин Серикбаева – 9-сынып, «Промышленная мехатроника – “Масочный детектор», «Техника» секциясы
Ахметов Амир – 12-сынып, «Замечательное в экстремальных точках функций объёмов вписанных стереофигур» «Математика» секциясы.
Мектеп ұжымы байқауға қатысқан барлық оқушылар мен олардың ғылыми жетекшілеріне, байқауды ұйымдастырушылар мен сарапшыларға алғыс білдіреді! Жас зерттеушілерді жетістіктерімен құттықтап, шығармашылық табыс, жаңа жеңістер тілейді!