Астанада «Жаңа дәуірдің мектебі» Х халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Ол «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның он жылдығына арналды.
Осы жолы дәстүрлі жиын әлемнің түкпір-түкпірінен келген 20-дан астам мемлекеттің 2 мыңға жуық өкілінің басын қосып, рекордтты жиындар қатарына кірді. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ мен облыстық әкімдіктер арасында жасасқан меморандумдар аясында конференцияға Қазақстанның өңірлерінен білім беру саласының 700 маманы қатысты. Ең үлкен делегациялар қатарын Қарағанды облысы мен Астана қаласының өкілдері толықтырды.
Ашылу салтанатына ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев пен Назарбаев Университетенің президенті Шигео Катсу және «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ төрайымы Күләш Шәмшидинова қатысты.
– «Біздің жыл сайын өткізетін халықаралық конференциямыз мемлекетіміздің және алыс-жақын шет елдерден келген білім беру жүйесінің өкілдері үшін тәжірибе алмасу алаңына айналды. Бұл конференция-мерейтойлық және Зияткерлік мектептердің он жылдығына арналады», – деді жиында сөз алған «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинова.
Дәстүрге сай, әлем мойындаған сарапшылар мен ғалымдар мінберден сөз алды. Басты баяндамашылардың қатарында Кембридж Университетінің білім беру факультетінің деканы Сьюзан Робертсон, Лондон университеті білім беру колледжінің құрметті профессоры, «қарымды білім» теориясының авторы Майкл Янг, Гонконг университетінің білім беру саясаты департаментінің директоры Кай-Минг Ченг, EduCluster Finland сыртқы байланыстар және инновация жөніндегі директор Дэвид Марш, Массачусетс технологиялық институтының профессоры Томас Хсу, сондай-ақ білім беру саласындағы әлемге әйгілі ғалымдар мен топ-менеджерлер қатысты.
Көкшетау, Семей, Қарағанды, Тараз, БҚО-тарындағы орта мектеп мұғалімдерінің оқыған баяндамалары көптің қызығушылығын туғызды.
Орта білім беру саласындағы зерттеулерге сұраныс бар екені баяндамалардың атауларынан ақ белгілі: «Білім беруді басқарудағы көшбасшылық» Гүлжанат Абдрахманова Астана қаласынан, «Білім берудің жаңартылған мазмұны педагогты көшбасшыға айналдыру» Ақсайдан келген мұғалімдер Гүлнара Есмағұлова мен Ирина Ольховиктің баяндамасы.
Конференцияның көркін ашқан шаралардың бірі – Халықаралық Гуманистік педагогика орталығының президенті, жазушы Паата Амонашвилидің, елімізге танымал журналист Гүлнар Бажкенованың, екітілді және үштілді бағдарламалар саласындағы халықаралық ғылыми кеңесші Питер Мехистоның, методологиялық оқыту мен білім алмасу саласының маманы Дэвид Марштың қатысуымен өткен автограф-сессия болды.
Конференция 12 бағыт бойынша 50 ден астам іс-шараларды қамтыды. Биылғы жылдың ерекшеліктерінің бірі – «Оқушы дауысы» жобасы алғаш рет тәрбиеленушілердің қатысуымен өтіп қазақстандағы халықаралық бакалавриат мектебінің жұмысы таныстырылды. Сондай-ақ алғаш рет инклюзивті білім беру бойынша секция ұйымдастырылды.
Басты тақырыптырдың ішінде – жаңа уақыт пен білім беру жүйесіндегі орнықты өзгерістер, оқытушылар мен студенттер үшін қауіпсіз ортаны құру, сондай-ақ білім берудегі сандық технологиялар.
Конференция барысында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» Францияның Қазақстандағы елшілігі мен Bilimkana жекеменшік мектептер желісі (Қырғызстан), және Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетімен өзара әріптестік туралы меморандумға қол қойды.
Бүгінгі күні астаналық конференция – дүниежізілік және отандық білім беру саласының келелі мәселелеріне арналған ғылым әлеміндегі беделді жиындардың біріне айналды.
В столице прошла X международная научно-практическая конференция «Школа нового поколения», посвященная 10-летию автономной организации образования «Назарбаев Интеллектуальные школы».
Рекордное количество делегатов приняло участие в одном из главных образовательных форумов страны – около 2000 участников из более 20 стран мира. Казахстан был представлен лучшими спикерами из всех регионов – 700 педагогов приняли участие в конференции в рамках меморандумов, заключенных между Интеллектуальными школами и областными акиматами. Самые большие делегации представили Карагандинская область и город Астана.
В церемонии открытия приняли участие министр образования и науки Республики Казахстан Ерлан Сагадиев, президент Назарбаев Университета Шигео Катсу и председатель правления АОО «Назарбаев Интеллектуальные школы» Куляш Шамшидинова.
– Из года в год наша конференция выполняет роль уникальной площадки по обмену опытом для ученых и педагогов всей страны, ближнего и дальнего зарубежья. Нынешняя конференция – юбилейная и проходит в год десятилетия Интеллектуальных школ, – отметила Куляш Шамшидинова.
По традиции на конференции выступили всемирно признанные ученые, эксперты и педагоги. Среди главных докладчиков – декан факультета образования Кембриджского университета Сьюзан Робертсон, почетный профессор Института образования Университетского колледжа Лондона, автор теории «сильного знания» Майкл Янг, директор департамента образовательной политики Гонконгского университета Кай-Минг Ченг, директор по инновациям и внешним связям EduCluster Finland Дэвид Марш, профессор Массачусетского технологического института Томас Хсу, а также другие ученые и топ-менеджеры в сфере образования.
Одним из самых ожидаемых мероприятий стала автограф-сессия президента Международного центра гуманной педагогики, писателя Пааты Амонашвили, казахстанского журналиста Гульнары Бажкеновой, международного научного консультанта в области полиязычных программ Питера Мехисто, специалиста в области трансформации образования и методологии обучения Дэвида Марша.
Конференция охватила 12 направлений, в рамках которых проведено более 50 мероприятий. Одна из особенностей этого года – проект «Голос ученика» с участим школьников, они представили работу международного бакалавриата в Казахстане. Также впервые прошла специальная секция по инклюзивному образованию. Среди главных тем года – вызовы нового времени и устойчивые изменения в образовательной системе, создание благополучной среды для учителей и учеников, а также цифровые технологии в образовании.
В ходе конференции были подписаны меморандумы о сотрудничестве автономной организации образования «Назарбаев Интеллектуальные школы» с посольством Франции в Казахстане, частными школами Bilimkana (Кыргызстан) и Евразийским национальным университетом имени Л. Гумилева.
Сегодня астанинская конференция признана одной из самых авторитетных в научном мире дискуссионных площадок, посвященных актуальным вопросам мирового и отечественного образования.