Жаңа оқу жылының басталуы қарсаңында елордалық физика-математика бағытындағы NIS-те педагогикалық кеңестің бірінші отырысы өтті, онда мектепті дамытудың жаңа міндеттері мен стратегиялық басымдықтары тұжырымдалды.
Кеңес жұмысын ашқан мектеп директоры Әсел Бейсембинова алда тұрған міндеттердің маңыздылығына тоқталып, мұғалімдердің назарын цифрлық ортадағы негізгі құзыреттер мен оқытуға аударды.
Күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі 10-12 сынып оқушылары көрсеткен сыртқы жиынтық бағалау нәтижелері болды. Бұл орта мектеп оқушыларының жетістіктерін бағалауға және болашақта атқарылатын іс-әрекеттерді жоспарлауға мүмкіндік берді.
Директордың ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары Райгүл Алтынбекқызы Қайыркенова мектептің әдістемелік қызметін дамытудың стратегиялық басымдықтарын таныстырып, тұрақты әдістемелік жаңартудың маңыздылығын атап өтті.
Педагогикалық кеңесте халықаралық Мектептер кеңесінің (CIS) қайта аккредиттеу нәтижелеріне ерекше назар аударылды. Директордың орынбасары Жұлдыз Тұрғаналина осы салада жүргізілетін жұмыстың жүйесін белгіледі.
Қазіргі заманғы сын-қатерлер, тәрбие жұмысының маңызды аспектілері туралы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ардақ Нұрышева хабардар етті.
Кеңестің шешуші кезеңінде 2023-2024 жылдарға арналған мектептің алдында тұрған негізгі мақсат-міндеттер бекітілді.
Жаңа оқу жылы биыл өзінің 15 жылдығын атап өтетін бірінші Зияткерлік мектеп үшін талаптану мен белсенді даму кезеңі болуға уәде береді.