Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7 сыныптарында білім алу үшін конкурстық іріктеуден өтуге 5-сынып оқушыларын дайындау мақсатында “Виртуалды мектеп” жобасы жұмыс істейді.
Виртуалды мектеп – бұл оқушыларға Зияткерлік мектептердің бейіндік пәндері бойынша онлайн режимінде білім алуға мүмкіндік беретін қашықтықтан білім беру технологияларын қолдану арқылы қосымша білім беруді ұйымдастыру нысаны.
Виртуалды мектептің сайты vs.nis.edu.kz
5-сынып оқушыларына арналған Виртуалды мектептің жұмыс кестесі
5 сынып оқушыларының тіркелуі – 29 наурыздан 23 мамырға дейін
Бейіндік пәндер бойынша оқыту – 19 сәуірден 23 мамырға дейін
Ағымдағы бағалау тест тапсырмаларын орындау – 19 сәуірден 23 мамырға дейін
Қорытынды тестілеуден өту – 17 мамырдан – 23 мамырға дейін