Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7 сыныптарында білім алу үшін конкурстық іріктеуден өтуге 6-сынып оқушыларын дайындау мақсатында “Виртуалды мектеп” жобасы жұмыс істейді.
Виртуалды мектеп – бұл оқушыларға Зияткерлік мектептердің бейіндік пәндері бойынша онлайн режимінде білім алуға мүмкіндік беретін қашықтықтан білім беру технологияларын қолдану арқылы қосымша білім беруді ұйымдастыру нысаны.
Виртуалды мектептің сайты – vs.nis.edu.kz
6-сынып оқушыларына арналған Виртуалды мектептің жұмыс кестесі:
- 6-сынып оқушыларының тіркелуі – 2021 жылдың 11 қазанынан 24 желтоқсанға дейін;
- Бейіндік пәндер бойынша оқыту – 25 қазаннан 24 желтоқсанға дейін;
- Ағымдағы бағалау тест тапсырмаларын орындау – 17 – 24 желтоқсан;
- Қорытынды тестілеуден өту – желтоқсан/қаңтар (5 күн).
