ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ПӘНДЕР БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДА ЖЕҢІМПАЗДАРЫН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ

Астана қаласындағы физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектебінің оқушылары: Айғаным Балташева (биология), Кирилл Ким (химия), Санжар Бисенәлі (химия) 9-11сынып оқушылары арасында жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерден өткен республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңінің жүлдегері танылып, алтын алқа иеленді.

Беделді білім бәйгесінде Абылай Қабдулхадыр химия пәнінен олимпиада жүлдегері атанып, күміс медаль алды.

Санжар Бисенәлі  мен  Айғаным Балташева халықаралық беделді олимпиадаларда ел абыройын асқақтатып  жүрген дарынды  жеткіншектер болса,  Кирилл Кимнің бірінші орны – осынау беделді білім сайысындағы алғашқы жеңісі.

Айта кету керек, республикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша бесінші рет «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ құрамасы еліміздің «Ең үздік олимпиадалық командасы» деп танылды.