Жалпыресейлік конкурста табыс тілейміз!
2018-2019 оқу жылында мектебіміздің бір топ оқушысы В.И. Вернадский атындағы жасөспірімдердің зерттеу жұмыстарының жалпыресейлік конкурсына қатысқан болатын. Конкурсқа 501 жұмыс ұсынылса, тек 105 жұмыс екінші турға өткізілді. Ол жұмыстардың қатарында Астана қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары да бар.
10-сынып оқушысы Бектұрсын Хазретали конкурсқа «Австралиялық қышбақаны (Сherax quadricarinatus) жасанды ортада өсіру» тақырыбындағы жұмысын «Омыртқасыздар зоологиясы» секциясы бойынша ұсынды.
Ғылыми жетекшісі: С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің доценті, ветеринарлық ғылымдар кандидаты Сыздықов Қуаныш Нығманович.
Жетекшісі: биология пәнінің мұғалімі Абилова Казия Айдарбековна.
10-сынып оқушысы Даурбаев Алиас бір жылдам астам уақыт бойы өзінің ғылыми жетекшісі С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің доценті, ветеринарлық ғылымдар кандидаты Сыздықов Қуаныш Нығмановичпен бірге «Балықтар мен өсімдіктерді үйлестіре өсіру (аквапоника)» тақырыбында зерттеу жұмысын жүргізуде. Алиас тиляпий балықтарын жасанды орта- жабық су айналымында өсіріп, олардың қалай көбейетінін зерттеп жүр. Жалпыресейлік конкурста оның жұмысы «Инженерлік экология» секциясы бойынша талданады.
Жалпыресейлік Конкурс екі турдан тұрады. Бірінші тур: сырттай және аймақтық болып екі түрлі форматта жүреді. Жұмыстар 20 желтоқсаннан 15 қаңтарға дейін vernadsky.info. сайтында жеке кабинет арқылы тіркеледі. Қаңтар-наурыз айларында аймақтық кезең басталады. Екінші турға жіберілген үздік жұмыстар арнайы жинақта жарияланады. Жинақ басылымдар каталогына енгендіктен онда жарияланған зерттеу жұмысы ресми жариялым балып саналады. Оқуға түсу кезінде оны жетістік ретінде «жарияланған мақалалар» айдарымен көрсетуге болады.
Конкурс туралы толық ақпаратты төмендегі сілтеме арқылы ала аласыздар.