Жас дарындар жеңісі

2019 жылы 26 желтоқсанда өткен «Дарындар әлемі» атты III Халықаралық өнер байқауында Астана қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің  12-сынып оқушысы Бижанова Аяжан  Бас жүлдені жеңіп алды.

Жетекшісі Бейбітгүл Тасатхан екеуі дайындаған шетелде оқитын мектеп түлегінің туған жерге деген сағынышы мен жан тебіренісіне толы монологын нақышына келтіре орындап, көркем сөз құдіретін тыңдармандарына жеткізе білген Айжанға 20000 теңге сыйақы табыс етілді.

Сондай-ақ ең талапты да дарынды балаларды анықтауды мақсат еткен байқау-фестивальге мектептің бишілер ансамблі де қатысқан болатын. «Ұлы дала» биін  орындаған, Бекзат Жусупова мен Мылтықбаев Руслан  жетекшілік ететін Зияткерлік мектептің «Атамұра» бишілер ансамблі өнер байқауында I орын алды.Талантымен көрермендерді тәнті еткен жас өнерпаздарды осынау үлкен жеңістерімен құттықтай отырып, шығармашылық шабыт,  жаңа жетістіктер тілейміз!