ЖАС РОБОТОТЕХНИКТЕРГЕ СӘТТІЛІК ТІЛЕЙМІЗ!

30 қыркүйекте Алдияр Пазилов (11D), Әмина Рахымбергенова (11 Е) және Дәулет Мұханов (12F) – Нұр-Сұлтан қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің командасы Дүниежүзілік роботтар олимпиадасының (WRO) іріктеу кезеңіне қатысты.  Биыл WRO-ның ұлттық кезеңі тарихта алғаш рет  онлайн форматта өтті. Zoom платформасында кездескен 39 команданың үштен бірі – Назарбаев Зияткерлік мектептері өкілдері болды.

WRO-2021 байқауының басты тақырыбы – энергетика болашағына арналды.

Жас робототехниктердің алдында жаңартылатын энергия көздерін кеңейту және оларды мүмкіндігінше тиімді пайдалану міндеттері қойылды.

Осы мәселені шешу үшін Алдияр, Амина және Дәулет балдырлардан биоотын өндіруге арналған,  жасанды интеллект  қолданатын  NG-PHOTOBIO жобасын ұсынды. Команда мүшелері  жаңартылатын энергия көздерін барынша тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін роботты әзірледі.

⠀Республикалық олимпиаданың қорытындылары бойынша ең жоғары балл жинап, бірінші орын алған 5 команда 2021 жылғы 18-21 қарашада өтетін WRO-2021 Халықаралық кезеңіне қатысады.

Робототехниктерімізге сәттілік тілей отырып, NIS FMN командасы WRO-2021 халықаралық кезеңінде ел намысын қорғау құқығын жеңіп алады деп үміттенеміз. ⠀