ЖАС СУРЕТШІ АЛСУ РАШИДТІҢ ЖЕКЕ КӨРМЕСІ

Нұр-Сұлтан қаласы физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектебінің 10D сынып оқушысы Алсу Рашидтің жеке онлайн көрмесі өтті. Көрмеге жас автордың он бес картинасы қойылған.

Алсудың қылқаламынан туған шығармалар тақырыбының кеңдігі таң қалдырады. «Сурет салуда академиялық сурет, кескіндеме, цифрлық иллюстрация, дизайн және анимация сияқты салаларда өз өнерімді дамытуға тырысамын. Әйтседе, маған портрет салу көбірек ұнайды, өйткені әр адамның өзіне тән бір ерекшелігі болады, сол ерекшелікті дәл келтіруге ұмтыласың. Болашақта менің жұмысым адамдарға және қоршаған әлемге өзінше әсер етеді деп сенемін! » – дейді Алсу. Алсудың суреттері бар Инстаграм парақшасы: @monnaviss