ЖАЗҒЫ МЕКТЕП АЯСЫНДА ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНДАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Оқу-жаттығу жиындары (ОЖЖ) – мектеп оқушыларын пәндік олимпиадаларға дайындауға бағытталған қарқынды сабақтар жүйесі.

Жазғы мектеп аясында ұйымдастырылған оқу-жаттығу жиындарына түрлі бағыттар бойынша пәндік олимпиадаларда жоғары нәтижелерге қол жеткізуге ұмтылатын 108 оқушы белсенді қатысуда.

Олимпиаданың мектеп кезеңінде жеңіске жету желілік кезеңге қатысу құқығын береді. Желілік деңгейдегі жетістік ұлттық деңгейде өзіңді көрсетуге жол ашады. Сондықтан пәндік олимпиадаларға қатысуға ниет білдірген 7-11 сынып оқушылары өздерінің дайындық деңгейін белсенді түрде арттыруға тырысады.

Олар жаттықтырушылардан жеке кеңестер алады, олимпиадалық тапсырмалармен жұмыс істеу арқылы білімдерін тереңдетеді, есептерді шығару дағдыларын жетілдіреді.

Оқу-жаттығу жиындарындағы дәрістерді, практикалық және зертханалық жұмыстарды тәжірибелі мұғалімдермен қатар республикалық және халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары атанған оқушылар мен мектеп түлектер жүргізеді.

ОЖЖ жаттықтырушылары олимпиада есептерінің типологиясы мен ерекшеліктерін зерттеуге ерекше көңіл бөледі, өткен жылғы олимпиадаларда ұсынылған, күрделілік деңгейі әртүрлі тапсырмаларды талдайды және шешеді.

Сонымен қатар қатысушыларға карталар, статистика, иллюстрациялар және мәтіндер сияқты әртүрлі ақпарат көздерімен жұмыс істеуге көмектеседі.

Кривич Артур, 7 Е сыныбы:

Жазғы мектеп – оқушылардың бос уақытын пайдалы өткізуге және математикадан білімдерін кеңейтуге берілген бірегей мүмкіндік. Жазғы мектеп аясында біз өзімізді қызықтыратын тақырыптарға терең бойлап, жаттықтырушы-мұғалімдерден олимпиадалық есептердің шығарылу жолын үйренуге мүмкіндік алдық.

Айтбай Анар, 11 V сынып:

Біз Жазғы жаттығу жиындарында геологиялық далалық олимпиадаға дайындалудамыз. Мұндай олимпиадаларда географиялық тапсырмалар күрделілік деңгейінің жоғарылауымен ерекшеленеді. Сондықтан біз практикалық тапсырмалармен айналысып, командалармен жұмыс істеп, күрделі есептеу-географиялық есептерді шешеміз.