ЖЕЛІЛІК ПӘН ОЛИМПИАДАСЫ БАСТАЛДЫ

ЖЕЛІЛІК ПӘН ОЛИМПИАДАСЫ БАСТАЛДЫ

13 ақпанда Назарбаев Зияткерлік мектептерінде жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада салтанатты түрде ашылды.
Республикалық олимпиаданың үшінші кезеңі 13-18 ақпан аралығында қашықтан ұйымдастырылады.
Беделді білім сайысына Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 500-ден астам оқушысы қатысады. Олар жаратылыстану-математикалық бағыттағы және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша білім-білік дағдыларын саралайды.
Олимпиаданың желілік кезеңінде елордалық физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектеп намысын мектепішілік кезеңде жоғары нәтиже көрсеткен 40-тан аса жеңімпаз, 9-12 сынып оқушылары қорғайтын болады.
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы жұмыстарды тексеру Алматыдағы химия-биология бағытындағы мектепте жүргізіледі, ал қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша жұмыстарды қазылар алқасы елордадағы физика-математика бағытындағы NIS базасында талдайды деп жоспарлануда.
Желілік кезеңнің жеңімпаздары мен жүлдегерлері наурыз-сәуір айларында өтетін республикалық олимпиадада «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының құрамасы қатарында білімдерін сынға салады.