ЖЕЛІЛІК ПӘН ОЛИМПИАДАСЫ ЖЕҢІМПАЗДАРЫН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

2020 жыл қаңтардың алғашқы аптасында Нұр-Сұлтан қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің командасы еліміздің үш аймағында өткен пән олимпиадасына қатысты.

Шымкент қаласындағы физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектепте оқушылар қазақ тілі, орыс, ағылшын, неміс, француз тілдері бойынша бақ сынасты.

Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы мектепте  жаратылыстану бағыты: информатика, химия, биология, география пәндері бойынша үздіктер анықталды. Нұр-Сұлтан қаласы Зияткерлік мектебінде Қазақстан тарихы, құқық негіздері, физика және математиканы  терең меңгерген зияткерлер жарысты.

Желілік олимпиада қорытындысы бойынша  Нұр-Сұлтан қаласы ФМБ НЗМ   командасы 12 жүлделі орын жеңіп алды:

  1. Мұратов Әділхан, 12-сынып, информатика – 1 орын (мұғалім Н.А. Дюсеғалиева )
  2. Ашуров Альтаир, 10 – сынып, информатика – 2 орын (мұғалім Н.А. Дюсеғалиева )
  3. Кожин Егор, 11- сынып, физика – 2 орын (мұғалім Ж.Р. Шаланова)
  4. Байзак Даниал, 9- сынып, физика – 2 орын (мұғалім Ж.Б. Кашкеева)
  5. Болатбек Әльфараби, 9 -сынып, физика-2 орын (мұғалім М.К. Уазырханов)
  6. Қайруллаев Ернұр, 9-сынып, физика – 2 орын (мұғалім Ж.А. Байбергенова)
  7. Мужубаев Әбілмансұр, 12-сынып, химия -2 орын ( мұғалім К.А. Уралбаева)
  8. Медетқызы Жамиля, 10-сынып, биология – 2 орын (мұғалім Р.С. Жайырбаева)
  9. Рамазан Алдияр, 9-сынып, биология – 3 орын, (мұғалім А.К. Нурышева )
  10. Спанов Амир, 10-сынып, математика – 3 орын (мұғалім А.Т. Жақсыбеков)
  11. Абуов Абузер, 10-сынып, математика – 3 орын (мұғалім Ж.К. Кеңес )
  12. Аманжанов Темирлан, 9-сынып, информатика – 3 орын (мүғалім Б.Б. Ахметова)

 

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық пән олимпиадасының желілік кезеңінде жеңімпаз және жүлдегер атанған оқушыларды жетістіктерімен құттықтаймыз!

Жаңа  жылда жеңісті күндер көп болсын!