19 мамырда физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектебінде Біріккен Араб Әмірліктерінен келген шетелдік жоғары оқу орындарының өкілдерімен кездесу өтті. Кәсіптік бағдар беру аясында өткізілген іс-шара 10-11 сынып оқушыларының болашақ кәсіби траекториясын анықтауға көмектесу мақсатында ұйымдастырылды.
Университет өкілдері, доктор Кавита Шухла мен Брендан Винер оқу орындары туралы айтып, жоғары сынып оқушылары үшін қолжетімді түрлі гранттық бағдарламалармен таныстырды. Сондай-ақ қабылдау процесінің маңызды құрамдас бөліктері болып табылатын оқуға қабылдау ережелері және мотивациялық хат жазу ерекшеліктері туралы ақпаратпен бөлісті.
Жоғары сынып оқушыларының барлық сұрақтарына жоғары оқу орындарының өкілдері қуана жауап беріп, шетелде оқуды таңдаған студенттерге қандай мүмкіндіктер ашылатынына тоқталды.
БАӘ оқу орындарының өкілдерімен кездесу жоғары сынып оқушыларының ой-өрісін кеңейтуге және кәсіби даму үшін қол жетімді мүмкіндіктер туралы жақсы түсінік алуға мүмкіндік берді. Бұл жоғары сынып оқушыларына болашақ білімі туралы маңызды шешімдер қабылдауға дайындалуға көмектескен құнды тәжірибе болды.