Жобалау қызметі – Зияткерлік мектептің білім беру үдерісінің ажырамас бөлігі. 2020 жылдың 26 қыркүйегінде Нұр-Сұлтан қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары зерттеу жобаларын онлайн-режимде қорғады.
Microsoft Teams платформасында ұйымдастырылған жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жобалар байқауының жалпы мектепішілік кезеңіне 4 бағыт бойынша 180-нен астам жоба ұсынылды.
Оқушылар өткен оқу жылы және жазғы демалыс кезінде өздерінің ғылыми жетекшілерімен бірге зерттеумен айналысты. Тәжірибе жүргізді, әлеуметтік-маңызды мәселелерді талқылады. Енді өз нәтижелерін ұсынудың уақыты келді.
226 оқушы техника, медицина, көлік, агроөнеркәсіптік технологиялар және өндіріс, сәулет, IT, төтенше жағдайлардан қорғау және әлеуметтік саладағы идеяларын қазылар алқасының мүшелеріне ұсынды.
Жобалардың басым бөлігі жоғары технологияларға арналды. Қоршаған ортаны қорғау және Жасыл экономика бойынша көптеген жобалар болды. Мысалы Зейнулла Жанель пьезоэлементтерді электр энергиясының көзі ретінде пайдалануды ұсынды. Ахметов Амир 12 «G» сыныбының оқушысы шоғырланған күн панельдерін ұсынды.
10 «Е» сынып оқушысы Абай Қабдуахит өз жобасында табиғаттан оттегі алудың жаңа көздерін қарастырды.
11 «Д» сынып оқушылары М. Хамза, Д. Мусин, Д.Лесов командалық жұмысты, орман өрттерін анықтауға арналған дронның моделін көрсете алды.
Қазылар алқасы ұсынылған жобалардың өзектілігі мен тәжірибелік маңызын атап өтті.
Осы күні қазылар алқасы “Өмірдегі ықтималдық теориясы”, “Мебустың жұмбақ парағы”, “Математикалық парадокс пен сопышылдық” сияқты 30-дан астам математикалық жобаларды қарастырды.
Әрбір зерттеу жұмысы идеяның бірегейлігі мен мазмұнының толықтығымен ерекшеленді.
Тіл білімі бойынша 8 «F» сынып оқушысы Ишмухамедова Жәмиля интернет пен әлеуметтік желілердің оқушылардың сөйлеу мәдениетіне әсерін зерттеді.
9 «Д» сынып оқушысы Д. Сейдахметова жарнамалық мәтіндердегі тілдік ойындарды жақсы көрсете білді.
11 «Е» сынып оқушысы Қасымханова Адина жобаның нысаны Абай өлеңдеріндегі түр-түс концептісі болды.
Сараптамалық комиссия таныған 8 үздік жұмыс 26 қазанда өтетін желілік деңгейдегі қорғауға ұсынылды.