Жыл триумфы – екі кубок та елордадағы физика-математика бағытындағы NIS-ке табысталды
Волейболдан желілік спартакиаданың финалы барлық ойыншылар мен жаттықтырушыларға, төрешілер мен жанкүйерлерге NIS-тің басты дәстүрлерінінің жаңғыруымен ерекшеленді. Пандемияға байланысты ұзақ үзілістен кейін Зияткерлік мектептердің үздік спорттық командаларына арналған ауыспалы кубок қайта берілді.
Кубоктарды өткен маусымдардың жеңімпаздары атанған Павлодар қаласындағы Зияткерлік мектеп командасы (ұл балалар) мен NIS халықаралық бакалавриат командасы (қыздар балалар) салтанатты түрде табыс етті.
Шахмат, тоғызқұмалақ, футзал және волейболдан өткен желілік спартакиада қорытындысы бойынша Астана қаласындағы физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектептің жас спортшылары екі кубокты да еншілеп, 2022 жылдың жеңімпаздары атанды.