Танымал француз әншісі, балалар әндерінің авторы әрі орындаушысы Доминик Димэ Астана қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушыларымен бірге ән салады. Әлемде 20 қарашада аталып өтетін Балалар күні құрметіне арналған концертте зияткерлер атақты әншімен бірге сахна төріне шықпақшы.
Доминик Димэ Юнеско, Юнисеф и «Альянс Франсез» сияқты халықаралық ұйымдар ұйымдастыратын бағдарламалардың белсенді қатысушы ретінде әлемде танымал. Ол Астанаға Қазақстандағы Франция Елшілігінің шақыруымен «Әлем балалары» атты әлеуметтік жобаға қатысу үшін келген. «Бала құқықтары туралы халықаралық конвенция» аясында балалар құқын қорғау және қолдау мақсатында ұйымдастырылған «Әлем балалары» атты әлеуметтік жоба бұрын Канадада, Ливияда, Мадагаскарда және басқа да мемлекеттерде ұйымдастырылған.
12 қарашада француз тілін екінші шеттілі ретінде оқитын Зияткерлік мектептің 13 оқушысы атақты Доминик Димэмен танысып, бірінші дайындықтарын өткізді.
«Әлем балалары» атты әлеуметтік жоба аясында жоспарланған француз тіліндегі тегін концерт 20 қарашада Оқушылар Сарайы сахнасында өткізілмек.
Біз қоғамда орын алып отырған өкінішті де өзекті мәселелерге: жанұяда және мектепте балаларға зорлық көрсетілуі, балалардың қарулы қақтығыстарға қатысуы, баланы кемсіту және жәбірлеу сияқты проблемаларға назар аударуға шақырған әлеуметтік жобаны қолдауға шақырамыз.