Зияткерлік мектеп Халықаралық денсаулық күнін атап өтеді

5 сәуірде физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Халықаралық денсаулық күніне арналған «Бізбен бірге, бізден жақсы жаса» атты эстафеталық жарыс өтті. Армрестлинг, кір көтеру, арқан тарту сияқты  бірнеше станциялар бойынша өткен эстафета спорттық бағдарламаларды бастап берді. Денсаулық күні мектеп оқушылары мен ата-аналар, мектеп қызметкерлері үшін үстел теннисі, волейбол, баскетбол, жүгіруден спорттық жарыстар өтіп, мектептің үздік спортшылары анықталды.

«Денсаулық күні сияқты спорттық мерекелер оқушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау,  спортпен айналасуға, шынығуға шақыру мақсатында өтуде.  Көздегеніміз оқушылар мен мұғалімдердің денсаулығын сақтау және оны нығайту» – дейді  мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Эльмира Қуатбекқызы Иманбекова.