Нұр-Сұлтан қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебін 2010 жылы бітірген бірінші түлектердің бірі Төлеген Бекет 25 тамызда ғылыми диссертациясын үздік қорғап, ғылым докторы атанды.
Бекет Төлегенов АҚШ-тың НАСА аэроғарыштық сала мамандарын даярлайтын Embry-Riddle Aeronautical University білім алған алғашқы қазақстандық студент болды. Аэроғарыштық инженерия мамандағы бойынша өте жақсы оқып, Қазақстанды танытқан Бекет университет оқытушыларының ерекше құрметіне бөленді. Өте жақсы академиялық жетістіктері үшін ол Оutstanding achievement in mathematics дипломын алды. Бекет университетті бітірген жылы бірден PhD бағдарламасы бойынша оқуға қабылданды. “Ғылым, инженерия және технология саласындағы философия докторы” атану үшін таңдаған тақырыбын зерттеуге Бекет 5 жылдай уақыт жұмсады. 25 тамызда ол ғылыми жұмысын сәтті қорғап, «доктор» дәрежесіне ие болды. Мектебіміздің түлектерінің арасынан алғашқы PhD докторы атанған Төлегенов Бекетті Зияткерлік мектеп ұжымы шын жүректен құттықтай отырып, биіктерден көріне беруіне тілектестік білдіреді.