7-9 қараша аралығында экономика пәні мұғалімдері Бейсенбаев Асхат пен Дэвид Аннан ұйымдастырған «Қор биржасы» атты экономикалық ойын өтті. Ойынға бағалы қағаздармен жұмыс жүргізуге үйреніп, өзінің іскерлік дағдыларын жетілдіргісі келген 7-11 сыныпта оқитын 90 аса оқушы мен 18 мұғалім қатысты.
Экономикалық сауаттылықты ашуға бағытталған ойын басталмас бұрын балалар биржалық сатылымдар, кіріс көзі болып табылатын құнды қағаздар туралы мағлұматтар алды. Алған білімдерін тәжірибе жүзінде іске асыру үшін ойынға қатысушы оқушылар мен мұғалімдер инвесторлар және кәсіпкерлер рөлін ойнады. Оқушылар «Казмунайгаз», «Халық Банкі», «Казахтелеком», «Эйр Астана» акцияларын сату арқылы көп пайда табуға тырысса, мұғалімдер осы құнды қағаздарға ұтымды инвестиция жасауы тиіс болды. Қызықты экономикалық ойын барысында 10-сынып оқушыларының «Sabotage» командасы жеңімпаз атанды. Ағылшын тілі мұғалімі Булекбаева Раушан Сериковна ең үздік инвестор болып танылды. Ойын жеңімпаздары 12 қарашада жалпы мектептік саптүзеу кезінде марапатталып, оларға арнайы дипломдар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.
Зияткерлік мектептегі «Қор биржасынан» оқушылар жинақтаған тәжірибе олардың экономикалық мәдениетін қалыптастырып, түрлі экономикалық жағдаяттарда дұрыс шешім қабылдауға негіз болады деп үмітттенеміз.