- /
- Новости /
NIS пен Үндістандағы Lucky International School (LIS) Қазақстан мен Үндістанның табиғи ресурстары туралы пікір алмасуға бағытталған бірлескен іс-шара ұйымдастырды
30 сәуір 2024 16:03
Ақтау қаласындағы NIS пен Үндістандағы Lucky International School (LIS) Қазақстан мен Үндістанның табиғи ресурстары туралы пікір алмасуға бағытталған бірлескен іс-шара ұйымдастырды.
Іс-шара оқушылардың дүние жүзіндегі табиғи ресурстар, оларды басқару және экономикаға әсері, сондай-ақ тұрақты дамудың маңыздылығы туралы түсініктерін тереңдету мақсатын көздеді. Іс-шараға қатысқан NIS оқушылары кездесу барысында ерекше дағдыларын көрсетті. Қазақстанның табиғи ресурстары және олардың экономикамен және тұрақты дамумен байланысы туралы білімдерін көрсетті.
Алмасу барысында оқушылар Үндістандағы түрлі табиғи ресурстармен өткен, қазіргі және болашақ жағдайы туралы білді. Бұл ақпарат алмасу жаһандық табиғи ресурстарды бөлу және басқару, сондай-ақ әртүрлі елдердің алдында тұрған мәселелер туралы кеңірек түсінік берді. Бірлескен іс-шара екі мектеп арасындағы байланысты нығайтып қана қоймай, сонымен қатар қатысушы оқушыларға құнды түсініктер мен білім беріп, олардың оқу тәжірибесін байыта түсті.
NIS пен LIS арасындағы серіктестік 2023 жылы оқушы Жасмин Вадодариядан бастау алған көзқарас болды. Бұл идеяны Уильям мырзамен талқылаудан кейін ол бастаманы қолға алып, қажетті шараларды қабылдады. Осылайша өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Бірілескен шараға қатысқан оқушылар: 1. Жасмин Вадодария (9Е) 2. Адина Авазбек (9Е) 3. Азиза Лекерова (9Е) 4. Мадина Дүйсенғалиева (9Е) 5. Дана Ерғалиева (9Е) 6. Мехти Сафаров (9Е) 7. Айсель Қанатбай (10F) 8. Мұратова Алина (10F)