2024 жылдың 12 желтоқсанында Қарағанды қаласындағы ХББ НЗМ-нің мұғалімдері Жаңаарқа ауданындағы Бименде Амалбеков атындағы опорлық мектепте мастер-класстар мен тренингтер өткізді.

12 желтоқсан 2024 15:00

2024 жылдың 12 желтоқсанында Қарағанды қаласындағы ХББ НЗМ-нің мұғалімдері Жаңаарқа ауданындағы Бименде Амалбеков атындағы опорлық мектепте мастер-класстар мен тренингтер өткізді. Бұл іс-шара «Селолық жердегі опорлық мектептердің әлеуетін дамыту» жобасы аясында ұйымдастырылды. Сапар барысында Қарағанды және Ұлытау облыстарындағы опорлық мектептердің мұғалімдері мен әкімшілік қызметкерлері жаңа оқыту әдістемелері мен тәжірибелерімен танысып, білім беру саласындағы өзекті мәселелерді талқылады.

Кездесу барысында қатысушылар химия, физика, математика, қазақ тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі пәндері бойынша жаңа әдістемелік тәсілдер мен құралдарды пайдалану жөнінде тәжірибе алмасты. Сонымен қатар, педагогикалық жұмыс пен тәрбиелеу шараларын жақсарту жолдары талқыланды. Мастер-класстар мен тренингтер педагогтардың кәсіби деңгейін көтеруге, сондай-ақ әріптестер арасында тәжірибе алмасуға зор мүмкіндік берді.

Іс-шараның мақсаты – педагогикалық қызметкерлердің білім беру үдерісіне инновациялық әдістерді енгізу, шығармашылық ойлау мен заманауи технологияларды қолдануды дамыту, сондай-ақ оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру болды. Мұғалімдер мен мектеп әкімшілігі арасында пікір алмасу мен ынтымақтастықты нығайту мақсатында өткізіліп отырған бұл шаралардың маңызы зор.

Сапар нәтижесінде қатысушылар алған білімдерін өз мектептерінде тиімді қолдана отырып, оқу үдерісінің сапасын арттыруға мүмкіндік алады.