banner

Жаңалықтар

Президент Ақтөбедегі NIS-тің тірек мектебінде

11 желтоқсан 2024 09:23

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен келіп, Хромтау қаласындағы №1 орта мектебіне бас сұқты. Президент мектептің білім беру ісіндегі ерекшеліктерімен және оқушылардың зертханалық жұмыстарымен танысты.



Хромтаудағы №1 орта мектебі «ауылдық жерлерде тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасына қатысушы 135 мектептің қатарында. Аталған жобаны Назарбаев Зияткерлік мектептері, «Қазақстан халқына» қоры және Білім беру саласын тұрақты дамыту қоры жүзеге асыруда.

2023 жылдан бастап Хромтаудағы №1 орта мектебі Ақтөбедегі NIS-тің тірек мектебі болып бекітілді. NIS педагогтері Хромтаудағы мектеп мұғалімдеріне тұрақты түрде әдістемелік қолдау көрсетіп, арнайы тағылымдамалар, курстар мен семинарлар өткізіп келеді.

Мемлекет басшысы аталған білім ошағындағы және басқа да ауыл мектептеріндегі оқушылардың ашық сабағына онлайн-режимде қатысты.

Бұдан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев шалғай елді мекендерде тұратын балалардың білім алуына қолайлы жағдай жасау үшін мектепке автобус сыйға тартты.