Желілік «Менің Әуезовім...» байқауының қорытындысы

09 желтоқсан 2024 12:31

5 желтоқсан күні «Менің Әуезовім...» атты Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары арасында ІІІ желілік әдеби-шығармашылық байқауы өтті.

7-12 сынып оқушылары арасындағы «Менің Әуезовім» атты әдеби-шығармашылық байқауы халқымыздың ұлы жазушысы Мұхтар Әуезовтің еңбектерін насихаттап, оқушылардың көркем туындыларды сүйіп оқуға ынталарын арттыру, шығармашылыққа баулу, оқушылардың бойында әдеби сананы қалыптастырып, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, рухани мұраны жаңғырту, оқушылардың тіл байлығын дамыту арқылы өмірде қолдана білу дағдыларын дамыту мақсатында ұйымдастырылды. Әдеттегідей бұл байқау келесідей бағыттарды қамтыды:

  • 7-8-сынып оқушылары арасында «Әуезов шығармашылығынан» тақырыбындағы жазушы шығармашылығынан көркем сөз оқу байқауы;

  • 9-10-сынып оқушылары арасында «Менің Әуезовім...»  атты тақырыпта арнау өлең байқауы;

  • 11-12-сынып оқушылары арасында «Әуезов ізімен ...» атты тақырыпта шығармашылық байқауы (шағын әңгіме).

Байқау 2 кезеңде өткізіледі: 1-кезең – іріктеу кезеңі (4.11.24-29.11.24 аралығында әр мектеп өз үздіктерін анықтады); 2-кезең – қорытынды кезең (2.12-5.12.24 онлайн).

Байқаудың әділқазылары құрамында елімізге, өңірімізге белгілі ақын-жазушылар, көрнекті майталмандар және де мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдері болды.

Байқауға Астана, Алматы, Шымкент, Орал, Ақтау, Ақтөбе, Тараз, Павлодар, Петропавл, Түркістан, Қарағанды, Өскемен қалаларынан 100-ге жуық оқушы қатысып, 3 бағытта 70 шақты түрлі шығармашылық жұмыс келіп түсті.               

Байқау қорытындысы.

Көркемсөз оқу бағыты бойынша жүлдегерлер:

1-орын Тараздағы NIS оқушысы Сезім Адильбек

2-орын – Ақтөбедегі NIS оқушылары Нүрали Мейрамбай,  Нұрислам Базархан; Алматы қаласындағы химия-биология бағатындағы NIS оқушысы Айымжан Базарқұл, Павлодардағы NIS оқушысы Елдана Ержан

3-орын – Ақтөбедегі NIS оқушылары Батырхан Сағынғали, Аймахан Кәусар; Алматы қаласындағы химия-биология бағатындағы NIS оқушысы Іңкәр Жұмабекқызы, Павлодардағы NIS оқушысы Балжан Жанымханова, Петропавлдағы NIS оқушысы Алан Жолдаспаев

 
Арнау өлеңдер(жас ақындар) бағытының жүлдегерлері:          

1-орын –  Ақтөбедегі NIS оқушысы Аружан Дюсенбенова       

2-орын – Өскемендегі NIS оқушысы Құралай Ерханат, Тараздағы NIS оқушысы Нұрай Орынбасар

3-орын –  Ақтөбедегі NIS оқушысы Мадина Майлыбаева, Тараздағы NIS оқушылары Бейбарыс Қошқар, Дінмұхамед Ынтықбай


    Сонымен қатар қазылар алқасының шешімімен оқушыларға «Үкілі үміт», «Шабыт», «Қауырсын қалам» номинациялары да берілді.

Әңгіме жазу (жас жазушылар) бағытының жүлдегерлері:         

1-орын –  Өскемендегі NIS оқушысы Аяжан Оңдақанова

2-орын – Тараздағы NIS оқушысы Айша Махмуткалиева, Астана қаласындағы физика-математика бағытындағы NIS оқушысы Мөлдір Шыңғыс

3-орын -  Оралдағы  NIS оқушысы Наргиза Ерболатова, Тараздағы NIS оқушысы Томирис Айжарық, Ақтөбедегі NIS оқушысы Индира Байгутдиева, Өскемендегі NIS оқушысы Көркем Нұржанова

Дәстүрлі байқауға ат салысып, шәкірттерін дайындап қосқан барлық жетекшілерге алғыс хаттар табысталды.

Барша байқауға қатысушыларға зор алғыс білдіреміз!

Қатысушылардың марапаттары мен жетекші алғыс хаттарын төмендегі файлдардан жүктеп ала аласыздар.