banner

Жаңалықтар

7-8 сынып оқушыларына «Өрт қауіпсіздігі ережелері» тақырыбында өткізілген семинар-сабақ өтті.

12 қыркүйек 2024 09:05

 
2024-2025 оқу жылына арналған өрт қауіпсіздігі шараларын, азаматтық қорғанысты және терроризмге қарсы қауіпсіздікке төнетін қатерлерді оқытудың теориялық және практикалық сабақтары мектеп бойынша оқу бағдарламасының жоспарына сәйкес 2024 жылдың 12 қыркүйегінде мектептің 7-8 сынып оқушылары және оқытушы-ұйымдастырушы-кураторлармен «Оқу ордасындағы өртке қауіпсіздіктерінің талаптарын сақтау» «Өрт орын алған уақытта білім алушылардың әрекеттері», сондай-ақ «Алғашқы өрт сөндіру құралдарын пайдалану» тақырыптарында семинар-сабақ өтті.

Семинар-сабаққа Шымкент қаласы Қаратау аудандық Төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы азаматтық қорғау подполковнигі Е.Бақторазов қатысты.

Сабақ барысында оқушылар назарына өрт қауіпсіздігі бойынша оқыту бейнероликтері көрсетіліп, мектептегі құтқару жамылғыларын қолдану тәсілдері түсіндірілді.