banner

Жаңалықтар

Мектеп психологтары педагог-ұйымдастырушы-кураторлармен бірге “Берік отбасы” бағдарламасы бойынша алғашқы сабақ өткізді.

16 қыркүйек 2024 16:59

10-14 жастағы балаларға арналған “Берік отбасы” бағдарламасы Ұлыбританияның Оксфорд Брукс университеті жанындағы денсаулық және әлеуметтік әл-ауқат мектебімен құрылған. Бұл бағдарлама тренинг 7 бөлімінен тұрады, ал оның негізгі мақсаты жасөспірімдер мінез-құлқында ауытқушылықты тудыратын отбасылық факторлардың санын азайту, сондай-ақ балалар мен олардың ата-аналары немесе қамқоршылары арасындағы жылы, сенімді қарым-қатынастарды дамытуға ықпал ету.
Бірінші сабақта ата-аналар мен оқушылар өзара танысып, балалардың мақсаттары мен армандарын қалай қолдай алатынын талқылады.
Жалпы ата-аналар мен балалар “Берік отбасы” бағдарламасының бірінші сабағына қатысу көптеген пайдалы ақпарат пен практикалық дағдылар бергенін және сынып ұжымының бірігуіне көп септігін тигізгенін атап өтті.