banner

Жаңалықтар

WALS 2024 Халықаралық конференциясы бастау алды

24 қыркүйек 2024 16:37

Елордада алғаш рет сабақты зерттеуге машықтанған педагогтердің жаһандық жиыны өтіп жатыр. Отандық және шетелдік сарапшылар үш күн бойы WALS 2024 Халықаралық конференциясында Lesson Study әдісін орта мектептерге енгізу бойынша ұсыныстарды қарастырып, зерттеулермен танысады.

Ауқымды шараға мектебіміздің ұстаздары мен директор қатысуда. Сабақты зерттеу мен оқу бағдарламаларын кешенді зерделеуге бағытталған бұл жиындарда АҚШ, Жапония және Қазақстандық зерттеулер талданды.

Айта кетейік, WALS конференциясы 2006 жылдан бері жүргізіліп келеді. Әлемнің көптеген елдері осы әдісті қолданатындықтан зерттеулер мен тәжірибелердің сан алуандығына көз жеткізуге болады.