banner

Хабарландырулар

6 сынып оқушыларына арналған математика пәнінен олимпиада

🌱🔢Түркістан қаласындағы NIS пен Білім-Инновациялық лицейінің ұйымдастыруымен өтетін 6 сынып оқушыларына арналған математика пәнінен олимпиаданың негізгі мақсаты – оқушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық дағдыларын дамыту. Бұл шара оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіріп, математика пәніне деген қызығушылықтарын арттырады.

🌱🛑Олимпиадаға қатысу шарттары:

✅Қатысушы 6-сынып оқушысы болу қажет;

✅Олимпиада екі турдан тұрады. Бірінші тур - іріктеу кезеңінің тапсырмасы 30 қараша сағат 10:00 де ашылады. Мына сілтеме арқылы тіркеліп, тапсырма қол жетімді болады. http://tiny.cc/olimpiyada Іріктеу кезеңінде ең жоғары ұпай жинаған 50 оқушы екінші турға жолдама алатын болады.

✅Екінші тур 21 желтоқсан сағат 10:00 де Түркістан қаласындағы NIS базасында өтеді. Тіркеу 08:30да ашылады.

🌱🔢Олимпиада нәтижесінде жеңімпаздар арнайы сыйлықтармен марапатталып, барлық қатысушылар жаңа білім мен тәжірибе жинақтап, келешекте үлкен жетістіктерге ұмтылады.