- /
- Новости /
READING TIME: «ҚУАНЫШЫМ МЕНІҢ, ҚАЙДАСЫҢ?»
15 қараша 2024 15:21
Мектебімізде «Жайлы оқыту педагогикасы: оқушылардың тұлғалық және академиялық даму жолы» апталығы аясында «Reading time» оқу сағаты ұйымдастырылды.
Бұған дейін педагогикалық ұжым танымал педагог-психолог Шалва Амонашвилидің «Ізгілік педагогикасы. 1-кітап. «Қуанышым, менің қайдасың!» кітабын оқуға кіріскен болатын.
Аталған туындыда педагогика саласында мейірім мен күлімдеудің алатын орны, бала үшін рухани маңызы жазылып, қуаныш сыйлай алатын ұстаз болудың жолдары көрсетілген. Мектеп ішінде оқушыларға шаттық лебін сездірудің, балалық шақтың қуанышты сәттермен ғана байланыстырылатыны туралы баяндалған.
Шығармадан ой қорытқан Орал NIS ұстаздары түрлі форматта талдау жасап, пікір алмасты. Бұндай апталықтар балаларға жайлы орта сыйлауға сеп болып, білім беру ісінің өркендеуіне өзіндік үлес тигізері анық.