ВНИМАНИЮ УЧАЩИХСЯ НАЗАРБАЕВ ИНТЕЛЛЕКТУАЛЬНЫХ ШКОЛ И ИХ РОДИТЕЛЕЙ!

Автономной организацией образования «Назарбаев Интеллектуальные школы» будет организовано дистанционное обучение учащихся Интеллектуальных школ с 6 апреля 2020 года.

Дистанционное обучение будет осуществляться на базе платформы MicrosoftTeams согласно расписанию, которое администрация школ доведет до сведения учащихся.

В настоящее время на указанной платформе созданы учетные записи всех учащихся, идет формирование онлайн классов. Ведется работа по организации службы поддержки пользователей, подробная информация будет размещена на официальном сайте АОО (https://www.nis.edu.kz).

Подготовлены нормативные документы по организации учебного процесса, оцениванию учебных достижений учащихся. Указанные документы будут опубликованы на Интернет ресурсах Автономной организации образования.

Мы понимаем, что переход на дистанционный формат предполагает новые условия обучения, как для детей, так и для учителей, администрации школ и родителей. Поэтому будет осуществляться постоянный мониторинг организации учебного процесса.

Для оперативного решения возникающих вопросов создана рабочая группа.

Кроме того, сообщаем, что в августе будут организованы Летние консультации по всем предметам образовательной программы в соответствии с потребностями учащихся, возможными пробелами в результате перехода на формат дистанционного обучения:

 

  • для 8-10 классов – с 10 по 20 августа,
  • для 11-12 классов – с 10 по 25 августа.

 

Консультации будут проходить на базе Интеллектуальных школ с предоставлением общежития для детей из сельской местности и малых городов.

Работа в данном направлении будет продолжена и в новом учебном году. В сентябре планируется проведение мониторинга учебных достижений учащихся с целью определения пробелов в знаниях и навыках, по результатам которого учащимся будет оказана поддержка.

 

Правление автономной организации образования

«Назарбаев Интеллектуальные школы»

26 марта 2020 года

 

 

 

 

 

 

 

 

НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТЕРІНІҢ ОҚУШЫЛАРЫ МЕН ОЛАРДЫҢ АТА-АНАЛАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

 

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы Зияткерлік мектеп оқушыларын 2020 жылдың 6 сәуірінен бастап қашықтықтан оқытады.

 

Қашықтықтан оқыту Microsoft Teams платформасында мектеп әкімшілігі ұсынған кестеге сәйкес ұйымдастырылады.

 

Қазіргі уақытта аталған платформада барлық оқушылардың тіркеулік жазбалары жасалып, онлайн сыныптар құрылуда. Пайдаланушыларға көмек көрсету қызметі ұйымдастырылады, толық ақпарат дербес білім беру ұйымының ресми сайтында (https://www.nis.edu.kz) жарияланады.

 

Оқу үдерісін ұйымдастыру және оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауға байланысты нормативтік құжаттар әзірленді. Бұл құжаттар Назарбаев Зияткерлік мектептерінің Интернет ресурстарында жарияланады.

 

Қашықтықтан оқыту балалар үшін де, мұғалімдер, мектеп әкімшілігі, ата-аналар үшін де өзгеше жағдай екенін түсінеміз. Сондықтан оқу үдерісіне мониторинг жүргізіліп отырады.

 

Туындайтын мәселелерді дер кезінде шешу үшін жұмыс тобы құрылды.

 

Сондай-ақ, оқу үдерісін қашықтықтан оқыту форматында өткізуге қатысты туындайтын оқушылардың сұранысына сәйкес,ағымдағы жылдың тамызында білім беру бағдарламасының барлық пәндерінен Жазғы консультация ұйымдастырылады:

 

  • 8-10 сыныптар үшін – 10-20 тамыз аралығында,
  • 11-12 сыныптар үшін – 10-25 тамыз аралығында.

 

Жазғы консультация Зияткерлік мектептерде ұйымдастырылады, ауылдық жерлерден және шағын қалалардан келген балалар жатақханамен қамтамасыз етіледі.

 

Бұл бағыттағы жұмыс жаңа оқу жылында да жалғасады.

 

Қыркүйек айында оқушылардың білімдері мен дағдыларындағы олқылықтарды анықтау мақсатында, оқу жетістіктеріне мониторинг жүргізіледі. Мониторинг нәтижелеріне сәйкес оқушыларға қолдау көрсетіледі.

 

«Назарбаев Зияткерлік мектептері»

дербес білім беру ұйымының Басқармасы

26 наурыз, 2020 жыл